Жамбыл облысы Қостөбе ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қостөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункті салтанатты түрде ашылды.
Қостөбе ауылының 500-ге жуық тұрғыны бұған дейін ескі ғимаратта ем-дом алып келді.
Ғимаратта фельдшер кабинеті, емдеу және егу, жеке шаруашылық бөлмесі бар. Кабинеттер жаңа жиһаздармен, қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталған.
- Бұрынғы ғимарат тым ескі болғандықтан көбіне аудан орталығына сабылатынбыз Жаңа жыл қарсаңында медициналық пункттің игілікке берілуі үлкен сый болды. Ауылымыз жаман емес, көшелерге жол салынып, жарықтандырылды. Келесі жылы мектеп құрылысы басталады деген жаңалықты естідік. Ауылдағы жаңа нысан құтты болсын! Мұнда ауырып емес, дерттің алдын алу үшін келтіруді жазсын! - дейді ауыл тұрғыны Темірхан Тілеубердиев.
Бұл күні Жамбыл аудандық орталық ауруханаға аудандық бюджет есебінен жедел жәрдем көлігі берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -