Жамбыл облысы ТЖД брифинг өткізді: Астана қаласы, 15 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жамбыл облысы ТЖД брифинг өткізді

Жамбыл облысы ТЖД брифинг өткізді

Жамбыл облысы ТЖД брифинг өткізді

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі сондай-ақ, мемлекеттік өрт бақылауын жүргізу тәртібі туралы мәселелері талқыланды. Спикер ретінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков сөз сөйледі.

Ералы Ақылбеков өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар және мемлекеттік өрт бақылау туралы айтып берді. Ол облыс тұрғындарының өткен жылғы шөпті жағу жас шөптің өсуін тездетеді деген тұрақты стереотипі бар екенін атап өтті. Бірақ бұл дұрыс емес: құрғақ шөп жас өскіндерге кедергі болмайды. Құрғақ шөпті жағып, адамдар қарашіріктің түзілу процесін бұзады және топырақтың құнарлылығын төмендетеді. Сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райында шыны мен басқа да шағылыстыратын заттардан өздігінен тұтанулар болуы мүмкін. Өрт сөндіргіштер орнатылмағандықтан, ауыл шаруашылығы техникасының да жану жағдайлары жиі кездеседі.

Сондай-ақ,  тексерілетін субъектілерге бақылау мен қадағалау жүргізу меншік нысандары мен қызмет түрлеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Бақылау және қадағалау қызметі «тоталды» бақылау принципінен бас тартуға және бизнеске қысымды азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, жоспарлы тексерулер қысқартылып, тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты ғана ерекше тексеру тәртібі енгізілді.

Жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілердің критерийлері бойынша жоғары өрт қауіпті және өндірістік кәсіпорындар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жаппай адамдардың жиналатын орындары, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, үлкен сақтау объектілері (қоймалар) және т.б. болып табылады (адамдар мен материалдық құндылықтарға өрттің пайда болуы және оның салдары жоғары болатын объектілер). Тексерілетін субъектілердің деректеріне қатысты тексеру жүргізу кезеңділігі жылына бір реттен жиі еместігін атап өтті.

Сөз соңында Ералы Ақылбеков облыс тұрғындарына аумақты тазалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, құрғақ шөпті жақпауға, ауыл шаруашылығы техникасына назар аударуға кеңес берді. Өрт шыққан жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалуды ескертті.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар