Жамбылдық құтқарушы «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды
Шу ауданы Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Рахымбердіұлы Бекибаев Астана қаласында Қазақстан Республикасы «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында өткен форумда «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атты төсбелгісімен марапатталды.
Қоса берілген құрмет грамотасында Жандос Бекибаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық саяси істерге белсенді атсалысқан елеулі еңбегі ескерілгендігі жазылған.
Айта кеткен жөн, аталған шараға елімізге белгілі тұлғалар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Осылайша жерлесіміз әрі әріптесіміз Жандос Бекибаев «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» атты републикалық байқауының 2-ші кезеңіне жолдама алды. Биік белестерді бағындыра бер әріптес дегіміз келеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -