«Жарқын күз»: Алматыдағы Баум тоғайында ірі экоакция өтті: Алматы қаласы, 18 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Жарқын күз»: Алматыдағы Баум тоғайында ірі экоакция өтті

Бүгін Алматыда «Жарқын күз» қалалық науқаны аясында Баум тоғайында тазалау және көгалдандыру іс-шаралары өтті. Акцияға қаланың экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдері, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, эко-белсенділер және тұрғындар қатысты.

«Мұндай акциялар өте қажет, тазалау жұмыстарынан бөлек, біз көгалдандырамыз. Қаламыздың саябақтары мен скверлері – негізгі оттегі көздері, сондықтан оларды қорғауымыз керек», – деді Бостандық ауданының қоршаған ортаны қорғау бөлімі басшысы Арсен Айдынбеков.

Акция Қазақстандағы Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келді. Бұл мереке жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қызметінде ерекшеленген ведомство қызметкерлері кәсіби мерекесі қарсаңында алғыс хаттармен марапатталды.

«Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық жасау – біздің міндетіміз. Табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз», – деді орманшы Қуандық Дәулетияров.

«Жас Эко Патруль» және «Жасыл ел» жастар экологиялық жасақтарының жетекшісі Әділ Нұрпейісов алматылықтарды мегаполистің ең ірі жасыл желегінің бірін сақтап қалуға белсенді қатысуға шақырды. «Жыл басынан бері біз қала билігімен бірлесе отырып, 30-ға жуық экоакция өткіздік. Осындай ауқымды акцияда әрбір азаматтың үлесі маңызды», – деді экобелсенді.

Баум тоғайының жанында тұратын алматылық Ирина Павлова акция туралы «Медеу» саябағының қызметкерлерінен естіген. «Баум тоғайында 2000 жылдардан бері үнемі серуендеймін, бұрын бұл аумақ қараусыз қалған еді, мұнда жүрудің өзі қорқынышты болатын. Бірақ соңғы жылдары айтарлықтай жақсарды, сондықтан мен туған қаламыз Алматының аумағын тазалау акциясын қолдаймын», – деді Ирина Павлова.

Еске сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар