Жарма ауданында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр
Ағымдағы жылы Қалбатау ауылында екі пәтерлі - 20, Шар қаласында екі пәтерлі - 15, Жаңғызтөбе ауылында екі пәтерлі - 5, Бірлік ауылында екі пәтерлі - 3, Жаңаөзен ауылында екі пәтерлі 2 тұрғын үй салынбақ. Аудан бойынша жиыны екі пәтерлі 45 жеке тұрғын үй бой көтеруде.
Шар қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғын үй мәселесін шешу басты міндеттердің бірі болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Азаматтарды баспанамен қамту мақсатында өткен жылы Жарма ауданында 90 пәтер салынып, кезекте тұрғандарға баспана берілген болатын. Ал, қазір аудан бойынша 582 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, оның 218-і халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -