Жарты жылда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жетісулықтардан 10,6 млрд теңге түсті
Осы жылдың алты айында облыс тұрғындарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 10,6 млрд теңге аударымдар мен жарналар түскен. Ал маусым айында 1,8 млрд теңге көлемінде төлемдер түскен.
Республика бойынша маусым айында түскен жарналар мен аударымдар сомасы 80 млрд теңгені құрады.
Қордың Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Самойленко атап өткендей, маусым айында тұрғындардан 1,3 млрд теңге аударымдар және 830 млн.теңгеден астам жарналар түскен. Өңірдің дербес төлеушілері МӘМС үшін жалпы сомасы 35,5 млн. теңгеге жарна аударған. Ал жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардан Қорға шамамен 108 млн. теңге түсті.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -