Жасұлан Сәрсебаев Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды
1986 жылы Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, құқықтану бакалавры және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев мемлекеттік қызметте еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялар мен діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманынан бастап, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері, туризм және сыртқы байланыстар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат басқармаларының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Абай облысы құрылғаннан бастап Абай облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуімен 2024 жылдың 3 шілдесінен Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -