Жас маманға - мүмкіндік
Бүгінгі күні қаладан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде мамандар тапшылығы бар екені бәрімізге белгілі. Оның бірнеше себептерін атап өтуге болады. Ең басты себебі ауылдық жерлерде қалаларда жасалғандай жағдайдың болмауы.
Осыны ескеріп, мемлекетімізбен жастардың ауылдық жерде жұмыс істеуін ынталандыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.
Бағдарлама алғашында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын қамтыған болса, кейіннен агроөнеркәсіптік кешені кеңейтіліп, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтары қосылды.
Соңғы 2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес бағдарламаға қатысушылар ауқымы кеңейтіліп, жеңілдіктерді алушылардың қатарына мемлекеттік қызметшілер де қосылды.
Бағдарламаға қатысушыларға ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жыл мерзімге, 0,01% мөлшерлемемен, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит және 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы (қайтарымсыз) беріледі.
Көрсетілген жеңілдікті былтырғы жылы облысымыз бойынша 464 жас маман пайдаланса, биылғы жылдың 1 тоқсанында 107 маман жобаға қатысуға өтінім білдірген.
Өтінім білдіру үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
-өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
-өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
-сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарын аяқтаған жастарды аталған мүмкүндікті пайдаланып, ауылдық елді мекендерде қызмет етуге шақырамыз.
Сахариева Асель БолаткановнаМемлекеттік қызмет істері агенттігініңҚарағанды облысы бойыншадепартаментінің Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтербасқармасының бас маманы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -