«Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын» – Антикор: Астана қаласы, 16 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын» – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру –жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі элементі болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының кеңейтілген отырысы барысында талқыланды.

Қазақта «Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын» деген мақал бар, – деп атап өтті ведомство басшысы А.Жұмағали.

Сондықтан Агенттік бөлімшелерінің барлық басшыларына өскелең ұрпақты жемқорлыққа қарсы оқыту және ағарту жұмыстарын жалғастыру қажеттігі туралы тапсырма берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бұл бағытына ерекше мән беріледі, бұл халықаралық стандарт болып табылады.

Бүгінгі таңда Агенттіктің бастамасы бойынша жемқорлыққа қарсы құндылықтар балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі жеке тұлғаны дамытудың барлық кезеңдерінде енгізілуде.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 340 мыңнан астам адамның қатысуымен дәрістер, семинарлар, конференциялар, форумдар, конкурстар, дебаттар, спектакльдер мен акцияларды қоса алғанда, 5 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуды колледждер мен жоғары оқу орындарының 290 мың студенттер өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы қолдаған GRACE жобасы жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін енгізуі жалғастыруда.

Мемлекеттік органдарының «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн оқыту курсы жұмыс істейді.

Азаматтарға құқықтық көмек көрсететін «Парасаттылық сағаты» және «Халық заңгері» акциялары өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы үлкен танымалдылыққа ие болуда. 2,5 мыңнан астам азамат белсенділік танытып, осы қозғалысқа қосылды.

Еріктілердің қатысуының арқасында 9,5 млрд теңге сомаға қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру –жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі элементі болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алқасының кеңейтілген отырысы барысында талқыланды.

Қазақта «Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын» деген мақал бар, – деп атап өтті ведомство басшысы А.Жұмағали.

Сондықтан Агенттік бөлімшелерінің барлық басшыларына өскелең ұрпақты жемқорлыққа қарсы оқыту және ағарту жұмыстарын жалғастыру қажеттігі туралы тапсырма берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бұл бағытына ерекше мән беріледі, бұл халықаралық стандарт болып табылады.

Бүгінгі таңда Агенттіктің бастамасы бойынша жемқорлыққа қарсы құндылықтар балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі жеке тұлғаны дамытудың барлық кезеңдерінде енгізілуде.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 340 мыңнан астам адамның қатысуымен дәрістер, семинарлар, конференциялар, форумдар, конкурстар, дебаттар, спектакльдер мен акцияларды қоса алғанда, 5 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуды колледждер мен жоғары оқу орындарының 290 мың студенттер өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы қолдаған GRACE жобасы жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін енгізуі жалғастыруда.

Мемлекеттік органдарының «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн оқыту курсы жұмыс істейді.

Азаматтарға құқықтық көмек көрсететін «Парасаттылық сағаты» және «Халық заңгері» акциялары өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы үлкен танымалдылыққа ие болуда. 2,5 мыңнан астам азамат белсенділік танытып, осы қозғалысқа қосылды.

Еріктілердің қатысуының арқасында 9,5 млрд теңге сомаға қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Аймақтағы жаңалықтар