«Жер-2024» РКШОЖ Абай облысында өтуде
«Жер-2024» РКШОЖ аясында Семей қаласында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтуде.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға дайындау мақсатында «Жер-2024» РКШОЖ шеңберінде Семей қаласында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, Семей қаласында жер сілкінісі салдарынан 200 шаршы метр аумақта ғимараттың темірбетон конструкциялары қирады, зардап шеккендер бар, құрбандар болуы мүмкін.
Оқиға орнында Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.
Оқу-жаттығу барысында алгоритмге сәйкес Абай облысы ТЖД, №68303 әскери бөлімінің, сондай-ақ қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары пысықталды.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -