Жерлесіміз әлем чемпионы атанды
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты өтуде. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Абай облысының балуаны Есентай Имаханов 64 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда өзбек балуанын жеңген жерлесіміз әлем чемпионы атанды.
Абай облысының тағы бір балуаны Маратбек Рахметтолин Астана қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан қола медаль жеңіп алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -