Жетісуға сенаторлар жұмыс сапарымен келді
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов пен Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорғанның бірқатар нысандарын аралады. Олар атбасын тіреген бірінші нысан - 2016 жылы ашылған қалалық көпсалалы аурухана. Оның құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген болатын. Ауруханада стационар алмастыратын, стационарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Көпсалалы аурухананың бас дәрігері Асқар Садықовтың айтуынша, құрылыс кезінде ғимарат 370 төсекке есептелген, бірақ ең алдымен медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру тек 150 төсекке арнап салынды. Қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты қарыз қалыптасқан. Осыған байланысты қаржыландыру сомасын өзгертуде қолдау қажет.
Мұнан кейін сенаторлар Жетісу университетінде болды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылармен және студенттермен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Айта кетсек, университет ғимаратының фойесінде ЖОО-ның, оның студенттері мен түлектерінің жетістіктерінің көрмесі қойылды. Университет ректоры Ермек Бөрібаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ЖОО-да алты факультет бар, 75 білім беру бағдарламасы жұмыс істейді, 2000-нан астам студент оқиды.
Сенаторлар 2021 жылы ашылған олимпиадалық үлгідегі орталық жүзу бассейнінің жұмысымен танысты. Спорт нысанының директоры Даутхан Қыдырхан мұнда жүзудің барлық түрлерімен, сондай-ақ су добы, суға секіру, су аэробикасымен айналысуға болатынын айтты. Бассейнде түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды жыл бойы өткізуге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін сауықтыратын, балаларға арналған үйрететін жүзу сабақтарын өткізуге, тірек қимыл аппаратында қиындығы бар санаттағы азаматтар үшін жағдайлар жасалған.
Осы күні халық қалаулылары 1976 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан Талдықорған облыстық ауруханасында болды. Бүгінгі күні ауруханада 11 стационарлық бөлімше, консультативтік-диагностикалық бөлімше, клиникалық және биохимиялық зертхана, паталогоанатомиялық бөлімше, шұғыл және жоспарлы-консультациялық көмек бөлімшесі бар.
Облыстық аурухананың директоры Анарбек Моңғолдың айтуынша, ауруханада 40 жылдан астам күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты ол сенаторлардан қайта жаңғыртуға ақшалай қаражат бөлу мәселесін шешуге жәрдемдесулерін сұрады. Сенат депутаттары сөз болған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.
Облыстық «Весник Жетісу» газептінің материалы бойынша дайындалды.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -