Жетісу мен СУАР облыстары ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚХР СУАР Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сунь Хунмэй бастаған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясын қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбіт Исабаевтың айтуынша, осы жылдың бірінші жартысының қорытындысында Жетісу облысы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд. АҚШ. долларын құрады. Қытай – ірі экономикалық серіктес,осы елмен арада 600 шақырымға жуық жалпы шекарасы бар облыстың сыртқы тауар айналымындағы көрші елдің үлесі 80%-дан асады.
- Өңірдің транзиттік әлеуеті – біздің әріптестік қатынастарымыздың перспективалы бағыттарының бірі. Бізде экономикалық екі өсу нүктесі бар – бұл Достық және Қорғас бағыттары. Бұл ретте біз Қытаймен шекарада бес кеден бекеті бар еліміздегі бірден бір өңірміз, - деген облыс басшысы шекара маңы пункттерінің инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сол сияқты«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» индустриялық паркін салумаңызды бірлескен жобасы қолға алынғанын атап өтті.
Белгілі болғандай, Достық бағытын дамыту мақсатында Алматы қаласынан «Достық» станциясына дейінгі автомобиль жолына жаңарту жүргізілді. Сондай-ақ биыл осы станцияда «Алакөл» автомобиль өткізу пунктін кеңейту аяқталады. Соның нәтижесінде жолақтар саны қосылып, өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады. «Достық-Мойынты» теміржол желісінің екінші тармағының құрылысы жүргізілуде, бұл «Достық» станциясының өткізу қабілетін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Сунь Хунмэй бұл Жетісуға келген екінші сапары екенін атап өтіп, СУАР мен Жетісу облысы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің негізгі бағыттарына тоқталды. Бұл орайда ол «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері жайлы сөз қозғады.
Өңірде шекара маңындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің тиімді жұмысы үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өткен Бейбіт Исабаев бірлескен фито-ветеринариялық зертхана құрудың маңыздылығын еске салды, бұл өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жалпы кездесу барысында тараптар шекара маңы пункттерінің өткізу қабілетін арттыру мен инфрақұрылымын жақсарту, «жасыл» энергетика, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттар саласындағы екіжақты байланыстарды дамыту, сондай-ақ аталған салаларға инвестиция тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Кездесу соңында қатысушылар «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестірудің бірлескен тетіктерін құру жөніндеқараша айында бірінші бірлескен отырысты өткізуге уағдаласты.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фототілші: Дмитрий Ерофеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -