Жетісу облысы көлемінде Республика күнінде Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтті
Бүгін Жетісу облысында Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғыры алдында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, өңірдегі мекеме-ұйымдардың, әскери саланың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, жалпы саны мыңға жуық адам қатысты.
Патриоттық акция Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көкке көтеруден басталды. Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның және «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблі әншілерінің, әскери қызметкерлердің, мектеп оқушыларының, жалпы қатысушылардың хоры әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимнді жанды дауыста орындады.
Салтанатты жиында патриоттық әндер орындалды.
Атап өтсек, осындай патриоттық акциялар бүгін бір мезгілде облыстың барлық аудан-қалаларында өткізілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -