Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңнен өту бойынша брифинг өтті
Өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай, Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алмас Смагулов журналистердің өңірдегі өрт қауіпті кезеңнен өтуі жөніндегі сұрақтарына жауап берді.
Өз сөзін Сергей Огай қауіпсіздік шаралары мен қажетті іс-шаралар туралы қорытындады. Ағаш құрылыстарға, бұталарға, құрғақ шөпке жақын жерде ашық отты пайдалануға, құрғақ шөпті жағуға болмайтынын, өйткені өрт бірден таралады, содан кейін ол бақылаусыз қалуы мүмкін, іргелес аумақты қоқыстан, құрылыс материалдарынан және құрғақ шөптен уақтылы тазартуды, жиналған қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеуді, өрт қауіпті кезеңде балалармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, балаларға сіріңке беруге, сондай-ақ орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қатаң тыйым салынатынын атап өтті.
Алмас Смагулов жылыту маусымына дайындық 2025 жылдың 15 қазанынан басталып, 2023 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасатынын айтты. «Өрт қауіпсіздігі айлығы» ағымдағы жылдың 15 тамызынан басталғанын айтып кетті.
Жылыту маусымы кезінде өзін және жақындарын қауіпсіздендіру және қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарамау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар пеш есіктерінің ақаулары, жарықтары бар жылыту жүйесін пайдалануға тыйым салынатынын, жылыту маусымы басталар алдында түтіндіктерді күйеден тазартуын, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда бір рет тазалау қажет екенін айтты. Пешті жағу үшін жанғыш заттарды пайдалануға қатаң тыйым салынатынын, бұдан басқа, көп қабатты және жеке тұрғын үйлерде газбаллондарын пайдалануға жол берілмейтіні, сондай-ақ автожанармай құю станцияларында газ құюға тыйым салынатыны атап өтілді, өйткені қысымды өлшеуге арналған аспап жоқ.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды өрт қауіпті және жылыту кезеңдерінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -