Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарға жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға кірген азаматтар тұрғын үй, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу сияқты бірқатар мәселелермен жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қабылдау нәтижесінде Ақсу ауданының тұрғыны Г. Досымбекованың мал жайылымы үшін жер бөлу мәселесі Ақсу ауданының әкімдігі тарапынан ауыл тұрғындарымен келісе отырып, бір апта көлемінде шешілетін болды.
Ал Қаратал ауданындағы білім бөліміне және аудандағы М.Горький атындағы мектептің жұмысына қатысты айтылған сын бойынша облыс басшысы аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураға, облыстық білім басқармасына бірлесіп, тексеру жүргізіп, мәселенің заңдылығын анықтауды тапсырды.
Сол сияқты тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген тұрғындарға тұрғын үй қатынастары туралы заңнама аясында мәселенің мән-жайы түсіндірілді.
Қабылдау барысында айтылған өтініштердің барлығы хаттамаға енгізілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -