Жетісуда 54 гидротехникалық құрылыс бар
Жетісу облысында суармалы су беруге арналған 54 гидротехникалық құрылыс, яғни су қоймалары, тоғандар, бөгеттер, су жинағыш тораптар бар. Суару каналдарының жалпы ұзындығы 7,8 мың км, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 10 су шаруашылығы объектісінің 4-еуінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде 4,8 мың гектарға су беру жақсарды, қалған 6-уында жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы осы жобалардың барлығы іске асырылғаннан кейін қалпына келтірілген суармалы жерлерді қоса алғанда 2026 жылға дейін 35,8 мың га суармалы жерге, яғни 30,5 мың га қалпына келтірілген жерге, 5,3 мың га жаңа суармалы жерлерге су беру жағдайы жақсартылатын болады.
Сондай-ақ сыйымдылығы 162 млн.текше метрлік 8 жаңа су қоймасын (Покатиловка, Бүйен, Быжы, Қорғас, Тышқан, Өсек, Жаманты, Балықты), бір бөгетті (Лепсі) салуға техникалық-экономикалық негіздемелер және суару желілерін қайта құру мен күрделі жөндеуге 8 жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Атап өтсек, Жетісу облысында 524,8 мың гектар егістіктің 200,7 мың гектары – суармалы жер.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -