Жетісуда ауыларалық жолдарды жөндеу қарқынды жүргізілуде
Жетісу облысында облыстық маңызы бар «Үштөбе-Алмалы-Көпбірлік» автомобиль жолына жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жолдың жалпы ұзындығы - 176 км, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Көпбірлік ауылынан Алмалы ауылына дейінгі 28 шақырымдық жол учаскесіне 2022 жылы орташа жөндеу жүргізілген болатын. Жолдың қалған бөлігінің құрылысы төрт бөлікке бөлінген.
Автожолдың 90,35-142,9 шақырымының құрылысымен «Қазстройцентр» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысып жатыр. Құрылыс компаниясы 40 км учаскені жөндейді. Бүгінгі таңда асфальт 12,5 км автомобиль жолына төселген. 27 шақырымдық учаскеде қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
– Біздің кәсіпорын «Үштөбе-Алмалы-Көпбірлік» тас жолының 90-142 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жол жұмыстарына 37 бірлік техника мен 50 адам жұмылдырылған. Жолдарда 17 дана су өткізгіш құбыр толығымен ауыстырылды. Қазір асфальт төселіп жатыр. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, – дейді «Қазстройцентр» ЖШС жол-құрылыс бөлімшесінің басшысы Сырлан Тоянов.
«Үштөбе - Алмалы – Көпбірлік» тас жолының екінші және үшінші бөлігінде де жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
- Бүгінгі күні облыстық маңызы бар 26 км автомобиль жолының құрылысы аяқталды. 12 шақырым жерде қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Жұмыстардың сапасы мен уақытылы аяқталуы мұқият бақылауда, - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Далдыбаев.
Сондай-ақ 2022 жылы 5 км-ден 35 км-ге дейінгі жалпы ұзындығы 30 км учаске жөнделді. Барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтау бүкіл өңірдің экономикалық дамуына серпін береді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -