Жетісуда облыс әкімінің «Көшбасшы» жастар сыйлығының және «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпаздары марапатталды: Жетісу облысы, 13 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісуда облыс әкімінің «Көшбасшы» жастар сыйлығының және «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Халықаралық Жастар күніне орай Талдықорған қаласында облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының иегерлері марапатталып, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпаздарына гранттар табысталды.  Грант түрінде 10 жастың жаңа бизнес-идеялары қолдау тапты. Осы күні «Жастар» саябағында өткен мерекелік іс-шара өңірдің түкпір-түкпірінен өздерін түрлі салаларда абыройлы еңбек етіп жүрген дарынды және креативті жастардың басын қосты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов жеңімпаздарды облыс әкімінің атынан құттықтап, өңірдегі жастарды қолдау шараларына тоқталды.

Атап өтсек, жаңа бизнес-идеялар мен бастамаларды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын ерекше атап өткім келеді. Оны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен жыл сайын ір жобаға 3 млн. теңгеден жалпы сомасы 30 млн. теңге бөлінеді. Ал биыл жастардың арасынан тағы 10 адам грантқа ие болды, солардың бірі Қуаныш Жақпаев:

- Биыл екінші жыл қатысып отырмын, осы жылы прототиптер жасап, «Бизнес» номинациясы бойынша грант ұтып алдық. Мемлекеттен алған 3 миллион теңгеге әріптестеріммен бірге жобамызды жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтарды сатып аламыз. Бұл ең бірінші маңызды қадам. Содан кейін біз электр мотоциклдері мен электр велосипедтерін шығаратын жобамызды одан әрі дамытамыз», - деп атап өтті жоба авторы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ физика-математика кафедрасының жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қ.Жақпаев.

Атап өтсек, Айнұр Какеева балаларды түзету және дамыту орталығы», Мейрамбек Омархан «SIK ROUTE» шунгит өнімдері», Зарина Саудабаева «Балақай» балабақшасы», Айым Сайлаубекова «Инклюзивті білім беру орталығы» жобалары бойынша грант иеленді.

Мәдениет бағытында биыл грант Назым Уакышоваға табысталды, ол «Learn house» балаларды дамытуға арналған жоба ұсынды. Ал, ғылым бағытында  «Гидропонды əдіс көмегімен топырақсыз дəнді дақылдарды 7 күннің ішінде өсіру» жобасын ұсынған Мағжан Ысқақов жеңіске жетті. Ақпараттық технологиялар бағытында «Future-IT» робототехника шеберханасы» жобасымен Дамир Нұркежанов грант ұтты. Сондай-ақ медиа бағытында Батырбек Қайыпбай Жетісу облысының аудан орталықтарына «7Facts» әлеуметтік (телевизиялық) саяхат жобасын қолға алса, Мерлен Мұхамедияров «Қабырға принтері – қабырғаларды бояуға арналған жабдық» жобасын жүзеге асырмақ.

Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы» жастар сыйлығының иегерлері биыл 15 номинация бойынша марапатталды. Олардың ішінде үздік кәсіпкер, оқушы, студент, спортшы, журналист, қоғам қайраткері, мемлекеттік қызметші, мәдениет, білім және ғылым, медицина, ауыл шаруашылығы салаларындағы жас көшбасшылар бар.

Мәселен, Жазира Ілиястың Талдықорған қаласындағы «Yerkin» өнер академиясы облыстың ең үздік жастар ұйымы болып  танылды, ал Ақсу ауданында тұратын үлгілі отбасы – төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар Диас пен Назым Билаловтар үздік отбасы атанды. «Жетісудың Көшбасшысы-2024» номинациясы бойынша облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, ерікті және мемлекеттік тілді қорғаушы Ғазиз Аманжолов, ал «Үздік жас патриот» номинациясы бойынша Ақсу ауданы Қаракөз ауылындағы Б. Садырбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Нұржан Жұмағали жеңімпаз атанды. Үлкен батылдық танытқан Нұржан суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалған.

Жеңімпаздардың бәріне статуэткалар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Марапатталушылар атынан сөз алған Қаратал орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Медицина саласындағы үздік жас көшбасшы» номинациясының иегері Арман Әбділдинов өздеріне көрсетілген қолдау үшін алғыс айта отырып:

– Қазіргі таңда білім алған жастар үлкен қалалардан жұмыс табуға тырысады. Бірақ жас мамандар шалғай ауылдар мен аудандарға өте қажет. Мен өзім Семейде білім алып, Оңтүстік Кореяда лапароскопиялық хирургия бойынша 4 айлық курсты бітіріп, сонда қалып, жұмыс істеуге мүмкіндік алғандықтан, бар жинақталған білімім мен тәжірибемді туған өлке тұрғындарының игілігіне жұмсауды жөн көрдім. Қаратал ауданында хирург болып жұмыс істеп жатқаныма 7 жыл болды. Қолымнан келгенді аянбаймын, ем жасаймын, үнемі біліктілігімді арттырып отырамын. Бүгінгі марапат мен үшін жағымды тосын сый болды, - деді ол.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа облыс жастарынан 172 өтініш келіп түсті. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен олардың 15-і өз саласында үздік деп танылды. Атап өтсек, облыста 14-35 жас аралығындағы 200 мыңға жуық жас бар.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар