Жетісуда шілде айында «Талдықорған – Өскемен» автожолының екі учаскесі қолданысқа беріледі
Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев мәлім етті.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының барысында автожолдарды дамыту мәселесі талқыланды.
Саладағы жобалардың іске асырылуы туралы Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.
Жалпы еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, соның 25 мыңы - республикалық жол, қалған 70 мың км жергілікті маңыздағы жол.
Қазіргі уақытта республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92%, ал жергілікті желі көрсеткіші 87 пайыз.
«Биыл 12 мың шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған. Бұл - бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Бұл жолдардың 8 мың шақырымы республикалық желі, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдар»,
Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымдағы құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 1955 км болатын 4 автожол жобасында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 1866 км-де жаңа асфальт жабыны бар жол ашылды. Жобаларды іске асыру үшін 35 асфальтбетон зауыты, 1656 бірлік техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылды.
"Талдықорған – Өскемен" автожолының ұ
зындығы 768 км.
Асфальттың төменгі қабаты 751 км-ге, ал жоғарғы қабаты 391 км-ге төселген.
Қазіргі кезде құрылысқа 700-ден астам жол техникасы мен 1 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.
Шілде айында Жетісу облысында жалпы ұзындығы 91 км болатын 2 учаске тапсырылады. Ал жоба бойынша қалған жұмыстар Абай облысында Аягөз қаласының айналма жолында аяқталады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Vestnik19.kz мәліметі бойынша.Биыл бірнеше маңызды отандық жобаны аяқтау жоспарланып отыр (www.gov.kz)
Фотограф: Дмитрий Ерофеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -