Жетісуда су үнемдеу технологиясын қолдану 31,2 мың гектарға жеткізіледі: Жетісу облысы, 03 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісуда су үнемдеу технологиясын қолдану 31,2 мың гектарға жеткізіледі

Ақсулық фермер 230 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын орнатып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп отыр. Оған фермер 300 млн. теңгеден астам инвестиция салған. Келесі жылы су үнемдеудің осы технологиясы қолданылатын алқаптың көлемін 330 гектарға жеткізбекші, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы жыл Ақсу ауылдық округіне қарасты Шолақөзек ауылында «Жаныс-К» ЖШС тамшылатып суарау технологиясын енгізді. Серіктестік директоры Ғалбиат Самарқанның айтуынша, 130 гектар жерге қант қызылшасын, 100 гектарға дәндік асқабақ, күнбағыс, жүгері дақылдарын еккен. Ол дәстүрлі суару әдісімен салыстырғанда мұнда су 60% үнемделетінін айтады. Оған қоса әр дақылдың түбіне су тамшылап баратын болғандықтан, басы артық арам шөп өспейді, сондықтан да бұрынғыдай шөптеуге, түптеуге қол күші қажет емес.

- Осы округте 7 жылдан бері жермен жұмыс істеп келе жатырмын. Жаңа технология енгізу жұмыстарын атқаруды көптен жоспарлап жүр едік. Биыл білек сыбана кірістік. Қытайдан арнайы құрылғыларын әкеліп, орнаттық. Құрылғыны сатып алған компанияның бір маманы келіп, технологиямен жұмыс істеудің жай-жапсарын түсіндіріп кетті. Қазір жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарынан 8 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. Маусымдық кезеңде жұмысқа қосымша 20 шақты жұмысшы тартылады. Биыл осы озық технологияның арқасында қант қызылшасының 1 гектарынан 800 центнерден өнім алуға мүмкіндігіміз бар, - дейді серіктестік басшысы.

Серіктестік 5 трактор сатып алған, соның 3-еуіне арнайы GPS агронавигатор орнатылған. Енді бұл тракторларда рульде отыратын тракторшы қажет емес, тек оператор арнайы мониторды бақылап отырса жеткілікті. Сол сияқты шаруашылыққа электр жарығы тартылып, 5 су ұңғымалары қазылған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, биылғы жылы су үнемдеу технологиясын Ақсу ауданында 16 шаруа қожалығы  2 107 га жерге іске асыруда, оның 1 622 га жаңбырлатып суару, 485 га тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. Ал жалпы облыс бойынша өткен жылы су үнемдеу технологиясын қолдану 1,3 мың гектарға артып 9,3 мың гектарға жеткізілсе, осы жылы 21,9 мың гектарға ұлғайтылып, 31,2 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Еске салсақ, су үнемдеу технологиясын орнатудың және су тарифінің шығынына мемлекет тарапынан субсидия беріледі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді Ақсу ауданының әкімдігі ұсынды

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар