Жетісудағы Көксу ауданының әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарының құрылысына соңғы екі жылда көп көңіл бөлінді
Жетісу облысында 2023-2024 жылдары Көксу ауданына инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларындағы құрылыстарға, газдандыру, жол, тұрғын үй салу, абаттандыру ісіне облыстық бюджеттен 19,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында айтылғандай, биылғы оқу жылында Қаратал ауылында 120 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Балпық би ауылындағы бұрынғы спорт мектебінің ғимараты балабақша ретінде қайта жаңғыртылды. М. Құрманов атындағы және Мұқаншы орта мектептерінің спорт алаңдары жөнделіп, 4 мектептің материалдық-техникалық базасы мен кітапханалары жаңартылды.
- Былтырғы жылы кездесуге келгенде Балпық би ауылындағы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің жағдайымен толық танысып, ғимаратты күрделі жөндеуге тапсырма бердім. Бүгінгі күні жобалық - сметалық құжаттама жасалуда. Нысанда күрделі жөндеумен қоса қосымша модульді асхана орнату және ғимаратты сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ аудандағы білім мекемелерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде, биыл 3 мектеп, 1 интернат, 1 балабақша қараша айында газға қосылады. Осы жылы Нұрмолда Алдабергенов және Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектептерге 2 автобус сатып алынды. Ауданның барлық мектептері мен балабақшалары қауіпсіздік шараларымен, бейнебақылаумен қамтылған, - деді Б. Исабаев.
Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ.
Мәселен, өткен
жылы
Еңбекшіқазақ,
Ақшатоған
ауылдарында 2фельдшерлік-акушерлік
пункт
пайдалануға
берілсе,Ақтекше,
10
жылдық Қазақстан,
Мәулімбай
және
Мұқаншы ауылдарында 4блокты-модульдік
медициналық
пункт
орнатылды. Ал биыл Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты
ПЧ-45 ауылында
және
Еңбекші округіндегіКеңарал
ауылында
блокты-модульдік
медициналық
пункттер қараша айының соңына дейін орнатылады. Сол сияқты М
ұқырыауылының
дәрігерлік
амбулаториясына
күрделі
жөндеу
жасалып, қолданысқа берілді.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылтоған, Бесқайнар, Жетіжал ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер биылғы жылдың соңында, ал Қаратал ауылында келесі жылы қолданысқа беріледі. Ақтекше, Жарлыөзек, Алғабас ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алынды. Сонымен бірге аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға 127,5 млн. теңге бөлінді.
Мәдениет саласына келсек, 150 орындық Жарлыөзек ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, 2025 жылдың соңында аяқталады. Сонымен қатар Мұсабек ауылына блокты-модульді мәдениет үйі орнатылуда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -