Жетісуда жаңа су қоймаларын салу жоспарланып отыр: Жетісу облысы, 05 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісуда жаңа су қоймаларын салу жоспарланып отыр

Жетісу облысында суармалы сумен қамту деңгейін жақсарту  мақсатында 4 ауданда жаңа су қоймаларын салу көзделіп отыр. Бұл туралы облыстағы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының директоры Саят Құдайбергенов айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Журналистерге биылғы вегетациялық кезеңнің өту барысы туралы баяндап берген филиал директоры мекеме теңгерімінде Жетісу және Алматы облыстарының аумағындағы 9 су қойма, 12 су торап, 3 су бөгеті және 5102,8 шақырымды магистралды, су таратушы канал және коллекторлық-дренаждық желілері бар екенін атап өтті. Және филиал Жетісу облысы бойынша 6 аудандық өндірістік учаске қарамағындағы каналдар астындағы 180 438 га жер көлеміне қызмет көрсетеді.

«Биылғы вегитациялық кезеңге дайындық барысында механикаландырылған тазарту жұмыстары 92,632 шақырымда ұзындықта, бетон жұмыстары 195,4 м3 көлемде жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 8 бірлік гидротехникалық құрылыстарға, 7 бірлік гидрометриялық бекеттерге жасалынды. Бүгінгі таңда жетісулық шаруа қожалықтармен 6 140 дана келісім-шарт жасалды», - деді С. Құдайбергенов өз сөзінде.

Спикердің мәліметіне қарағанда, Жетісу облысының су көздері қар қоры мен мұздықтардың еруіне байланысты. Сондықтан өзендердегі су деңгейі тәулік бойы тұрақты деңгейді сақтамай, өзгермелі күйде ағады. Осыған байланысты облыста жаңа су шаруашылығы объектілерін салу, ирригациялық желілерді қалпына келтіру және реконструкциялау жөнінде іс-шаралар қабылдау мәселелері көзделген. Мәселен, Ескелді ауданында Балықты, , Алакөл ауданында Жаманты, Көксу ауданында Быжы, Панфилов ауданындағ Қорғас, Өсек, Тышқан өзендеріне су қоймаларын салу көзделіп отыр. Қазір жергілікті бюджеттен осы жобалардың технико-экономикалық негіздемелері әзірленуде. Аталған су қоймаларын салынатын болса, ол өз кезегінде суармалы сумен қамтуға оң әсерін тигізетін болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар