Жетісулық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасында белсенділік танытуда: Жетісу облысы, 21 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісулық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасында белсенділік танытуда

Жергілікті ресурстардан тауар өндіретін негізінен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында іске асырыла бастаған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Жетісуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, 2023 жылы аталған жоба аясындағы облыстық көрмеде үш адам жеңімпаз атанса, биылғы жобада тоғыз жетісулық кәсіпкер үздік ден танылды. Соның ішінде ауылдарда сабын және косметика, сол сияқты азық-түлік өндірісімен, ағаш, гипс, киіз тәрізді түрлі материалдардан бұйым жасау ісімен айналысатындар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы екі жылда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпазы болғандардың үшеуі – Сарқан ауданынан кәсіпкерлері. Сабын өндірісімен айналысатын Юлия Фисюкова, жеміс-жидек өңдеу және өндіріс саласында белсенді Светлана Мұқашева, қазақтың дәстүрлі қолөнері мен этнодизайн бағытында еңбектеніп жүрген шебер Эльмира Ақпанова облыстық деңгейде жеңімпаз атанып, гранттарға ие болғандар қатарында.

Солардың бірі Қойлық ауылының тұрғыны Светлана Мұқашева 33 жыл бойы сауда саласында жұмыс істеді. Кейіннен бау-бақшамен айналысып, он жылдан астам уақыт бойы жеміс-жидек дақылдарын өсіріп, өңдеп, тұтынушыларға табиғи өнімдерін ұсынып келеді. Оның қызметі дақылдарды отырғызу мен күтуден бастап оларды өңдеуге және түпкілікті өнімді сатуға дейінгі өндірістің толық цикліне бағытталған.

- Қарап отырсам, немерелеріміздің жейтін тағамдарында қоспа көп. Ең алдымен соларға табиғи таза өнімдер берсем екен деген оймен осы істі бастап кеттім. Жеміс-жидектерден джем, компот дайындадым. Бірте-бірте ауылдастарымнан тапсырыстар түсе бастады. 2013 жылы жеке кәсіпкерлігімді ашып, өз учаскемде өнім өсіріп, оны өңдеумен шұғылдандым. Кәсібім алма, таңқурай, қаражидек, мүкжидек сынды бау-бақша дақылдарын өсіруден басталды. Бәрін өзіміз егеміз, өзіміз өсіреміз, өзіміз өңдейміз. Қазір білесіздер, нарықта тағамға неше түрлі қоспа қосылады, ал біздікі түгелдей табиғи экологиялық таза өнім. Қолдағы барды ұқсата білсе, адал еңбекпен мол табыс табуға болады. Біздің ең үлкен тұтынушымыз - «Алматықалабазендіру» ұжымы. Солардың тапсырысына сәйкес  бір айда 100 келі тосап дайындалады. Кептірілген алманы ауылдағы, Сарқан қаласындағы балабақшаларға жеткіземін, - дейді кәсіпкер.

Алдымен істі жалғыз өзі бастаған С. Мұқашеваға кейін отбасы мүшелері көмекке жұмылған. Дегенмен бизнес тұрақты табыс әкеле бастағанда, кәсіп иесі жұмысшылар алуды жөн көрген. Бүгінде «Мұқашева» жеке кәсіпкерлігінде 3 адам еңбек етеді, ал жұмыс көлемі көбейетін маусымдық кезеңде жұмысшылар саны жиырма-жиырма бес адамға дейін жетеді. Кәсіпкер бірте-бірте қол жұмысын механикаландырып, цех ашып, 10 гектар алма бағы, 1 гектар таңқурай, қара қарақаттан тұратын жеміс-жидек дақылдарын өңдеу желісін іске қосуды жоспарлап отыр.

Қойлықтың тағы бір тұрғыны Юлия Николаевна Фисюкова сабын жасайды, мамандығы - фармацевт. Сабын жасаумен 10 жыл бойы хобби ретінде айналысқан ол кейінгі 5 жыл бойы осы кәсібінен нәсіп көріп келе жатыр. Өйткені оның сабынына деген сұраныс жоғары. Өнімі сан алуан - сыйлыққа лайықталған сабын, эксклюзивті сабын, шөптен жасалған сабын т.б.

- Біз табиғаты экологиялық таза Жетісу өңірінде тұратындықтан, сабындардың бәріне шөптердің сығындыларын қосамыз. Өсімдіктерден сығынды жасаймыз, оны жазда, күзде алдын ала дайындаймыз. Дәрілік шөптерден сабынның 40-тан аса түрі өндіріледі. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысудың арқасында кәсібімді ілгерілетуге айқын жол ашылды. Біріншіден, жаңа клиенттер пайда болды, өнімімнің жарнамасы жасалды. Өнімді ресімдеуге, ісімді одан ары дамытуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жәрдемдесті, демек бұдан әрі де жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар, - дейді кәсіпкер Ю. Фисюкова.

Осы орайда Сарқан ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекова әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттырудың маңызы мен отбасылық кәсіптің балаларды еңбекке тәрбиелеудегі рөліне ерекше мән берілетінін айтады.

- 2015 жылы құрылған Сарқан ауданының іскер әйелдер кеңесі бүгінде 40-қа жуық мүшені біріктіріп отыр. Оның ішінде 20-дан астам белсенді кәсіпкер өз ісін сәтті жүргізіп келеді. Кеңестің негізгі мақсаты — әйелдердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру, бухгалтерлік есеп-қисапты жүргізу дағдыларын дамыту және жеңілдетілген несиелер мен гранттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету,-дейді ол.

Жалпы 2023-2024 жылдары «Бір ауыл – бір өнім» жобасына жетісулық 70-тен астам кәсіпкер қатысты. Соның 20-сы жартылай финалға өтсе, 12-сі жеңімпаз атанды. Оларға кәсіпкерлікті дамытуға арналған 5 млн. теңге грантының конкурсына қатысуға, сол сияқты түрлі республикалық және халықаралық көрмелерге қатысуға мүмкіндіктер жасалды. Сол сияқты тауарын брендтеу, сатылымын ілгерілету бойынша көмек көрсетілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар