Жетісулық жас спортшыларға 1000 доп таратылды
Бүгін Талдықорған қаласындағы «Болашақ» стадионында жасөспірімдер арасында «Былғары доп - 2024» футболдан жазғы фестивалінің ақтық ойындары өтті.
Жарыстың басты мақсаты - балалардың жазғы демалысын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға машықтандыру.
Ақтық бәсекеде әр өңірден іріктелген 200-ге жуық ала доп шеберлері қатысып, өз бақтарын сынап, үздіктер анықталды.
Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұл дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің өмірдегі маңызы туралы айта келе, әр командаға табыс тіледі.
- «Былғары доп» турнирін Жетісу өңірінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземіз. Осы жарыста өнер көрсеткен жас футболшыларымыздың болашағынан зор үміт күтіп, оларды болашақта азулы командалар қатарынан көргіміз келеді- деді Ұлан Ғалымұлы.
Шараның ресми бөлігінен кейін әр команда мүшелеріне мың доп сыйға таратылды.
Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -