ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ХАКАТОН: ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕР: Астана қаласы, 03 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ХАКАТОН: ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕР

Жезқазғанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп «ҚР металлургиялық кәсіпорнын ғылыми-технологиялық дамыту» ғылыми-инновациялық хакатонын ұйымдастырды, онда ел ғалымдары компанияның нақты өндірістік міндеттерімен жұмыс істеуде.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн-режимде қатысып, «Ғылыми-инновациялық-хакатон – ғылымды коммерцияландыру форматы» тақырыбында сөз сөйледі. Министр ғылыми-технологиялық хакатонның ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешудің, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартудың, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жаңа өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілету мақсатында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың жоғары ғылыми-техникалық комиссияда берген тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«ҚР ҒЖБМ конкурстарының нәтижесінде гранттық қаржыландыру бойынша 1 971 жоба және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 161 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда негізгі міндет ғылыми қызмет нәтижелерін бизнесті белсенді тарта отырып, оларды енгізу мен коммерцияландыруға жеткізу болып отыр», - деді министр.

Ол сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ЖОО жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер құруға бағытталатын қаражат бөлінгенін атап өтті. 2029 жылға қарай 7 мамандандырылған инжинирингтік орталық пен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарлануда.

«10 жыл көкжиегіндегі іргелі және қолданбалы ғылым нарығының жаңа субъектілері» тақырыбындағы стратегиялық сессия аясында жетекші университеттер мен ғылыми ұйымдардың ғалымдары өз әзірлемелерін ұсынды. Олар металлургия мен химиядан бастап, осы салалардағы процестерді жақсартуға бағытталған цифрландыру мен экологияға дейінгі көптеген салаларды қамтиды.

Мысалы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Металлургия және байыту институтының ғалымдары КМ1 маркалы кондициялық мыс концентратын алу әдістері бойынша зерттеулер мен ұсынымдар ұсынды. Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Satbayev University және Д.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты кендерді өңдеу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ұсынды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Satbayev University және А.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты металлургиялық қожды қайта өңдеуге арналған шешімдерді ұсынды. Astana IT University және Қазақстан-Британ техникалық университеті атмосферадағы ластаушы заттардың шоғырлануын мониторингтеу және болжау алгоритмдері бойынша әзірлемелерді көрсетті.

Айта кетейік, хакатон кондициялық мыс концентратын алу, кендер мен қождардан құнды компоненттерді алу, су жүйелері мен экология, денсаулықты қорғау, процестерді цифрландыру және автоматтандыру, процестерді болжау және оңтайландыру сынды 6 жұмыс тобы бойынша 3 шілдеге дейін жүргізіледі. Іс-шара қорытындысы бойынша «Қазақмыс корпорациясы» тау-кен металлургия кешенінің проблемаларын шешу үшін ғылыми-техникалық міндеттер қалыптасады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар