ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Жезқазған қаласындағы жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту 3-кезек, 1-іске қосу кешені бойынша:
Тапсырыс беруші – «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, бас мердігер – «Алматыинжстрой» АҚ.
Жобада ТМ-11 жылу желілерін ЖТЭО-дан ПНС-11 бірінші көтеру сорғы станциясына дейін қайта жаңарту және жаңғырту көзделген.
ППУ құбыр нұсқасы-2Ду820мм, ұзындығы - 3,8 км, оның ішінде жер үсті төсемі-3,5 км, арна төсемі-0,1 км, гильзада-0,09 км.
2023 жылы 0,8 км жылу желілері қайта жаңартылды.
Биыл 3,0 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған.
Бүгінгі таңда Шығыс айналма жол ауданында ТМ11 бойынша бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -