ЖЕЗДІДЕГІ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ 65%-ҒА ДАЙЫН
Қазіргі таңда екі қабатты нысанның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Осы аптада ойын алаңын салу жұмыстары басталады. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша тергеп тексеру департаменті, Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нысанды бақылауы кезінде құрылыстың қазанда толық аяқталатыны айтылды.
Облыс әкімі өз кезегінде нысан айналасын абаттандыруды құрылыс жұмыстарымен қатар жүргізу қажеттігін тапсырды.
Белгілі болғандай, денешынықтыру және сауықтыру кешенінің жеке модульді қазандығы дайын, сәуірде 21 жұмыскердің жұмылуымен су, кәріз желілері тартылып, тоқ жүйесі жүргізілген. Екінші қабатын арнайы бөліктерге бөлу жұмыстары атқарылып, қазіргі уақытта 10 жұмыскер бірінші қабаттың ішкі жұмыстарын істеуде.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -