Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Олеся Цай 24KZ телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысты
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Олеся Цай 24KZ телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысты
Ол елімізде судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайтуға және оның кәсібилігін арттыруға бағытталған реформалар туралы сұрақтарға жауап берді.
Олеся Цай, Жоғары Сот Кеңесі еліміздің сот жүйесінде кадр саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті орган екенін атап өтті.
Жүргізілген сот реформаларының нәтижесінде Жоғары Сот Кеңесінің қадрлық функциялары айқын толыққанды институт ретінде қалыптасып, мәртебесі мен рөлі нығайды. Атап айтқанда, Кеңестің қарауына Жоғарғы Соттан барлық дерлік кадрлық мәселелер берілді.
Олеся Цай судья кадрларын іріктеудің ашықтығы мен айқындығын арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі өткізілетін конкурстар, біліктілік емтихандары және олардың нәтижелері туралы барлық ақпарат енді тұрақты негізде ашық ақпарат көздерінде: ресми сайтта, Жоғары Сот Кеңесінің әлеуметтік желілерінде қолжетімді болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, О. Цай Жоғары Сот Кеңесінің судьялық лауазымдарға кандидаттарға мұқият және терең тексеру жүргізу жөніндегі жұмысына назар аударды, бұл қоғамның тұтастай алғанда сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ, Кеңес мүшесі республикадағы судья кадрларының тапшылығы мәселесіне тоқталды, бұл көптеген бос орындардың (300-ден астам) сақталуына себеп болып отыр.
Сонымен қатар ол судьялардың тәртіптік жауапкершілігі туралы сұрақтарға жауап берді. Мәселен, Кеңес мүшесінің айтуынша, 2024 жылы енгізілген судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың жаңа тетігі елдің судьялар корпусының мінсіз болу қағидатын күшейтеді және сот төрелігін іске асыру сапасын арттыратынын айтты.
Сұхбат соңында Олеся Цай Жоғары Сот Кеңесі барлық азаматтар үшін әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстан Республикасының кәсіби, тәуелсіз және мінсіз судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -