Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы
2024 жылғы 12 маусымда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелері қаралды және 2024 жылғы 26 ақпанда жарияланған облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына конкурстың және аудандық соттар төрағаларын лауазымдарға іріктеудің қорытындылары шығарылды.
Судья лауазымдарына тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер Кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды.
Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.
Сонымен қатар, облыстық соттың шекті жасына жеткен судьясының, аудандық соттардың зейнет жасына жеткен төрағасы мен судьясының судья лауазымында одан әрі болу туралы өтініштері қаралды. Қарау нәтижелері бойынша барлық үш судьяға зейнет жасына жеткеннен кейін одан әрі судья лауазымында болудан бас тартылды.
Сондай-ақ 41 судьяны қызметінен босату ұсынылды, оның ішінде 24 – отставкаға кетуіне байланысты, 10 – өз еркімен, 2 – зейнет жасына толуына байланысты, 1 – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты, 4 – қайтыс болуына байланысты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -