Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы
2024 жылғы 26 шілдеде Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды, оның ішінде кейбір аудандық соттарды құруға, қайта ұйымдастыруға және олардың атауын өзгертуге, сондай-ақ аудандық соттар судьяларының штат санын 50 бірлікке көбейтуге аудандық соттар судьяларының штатын қысқарту есебінен келісім берілді.
Отставкаға кетуге, басқа жұмысқа ауысуға және өз еркімен қызметтен босатуға байланысты 9 судья ұсынылды, судьялардың штат санының азаюына, сондай-ақ тиісті аудандық соттардың қайта ұйымдастырылуына байланысты 31 судья конкурссыз басқа тең соттардың судьяларын тағайындауға ұсынылды.
Отырыста Кеңес аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының 276 бос орынға арналған конкурс қорытындысын шығарды. Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды.
Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.
Сонымен қатар, Кеңес сот алқасының төрағасына, зейнеткерлік жасқа толған облыстық соттардың төрағасы мен судьясына қатысты шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болу туралы мәселені қарады. Қарау нәтижелері бойынша 1 судьяға келісім берілді және 2 судьяға судья лауазымында болу мерзімін ұзартудан бас тартылды.
Бұдан басқа, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі мен Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің Регламентіне және кадр резервімен жұмысты қалыптастыру және ұйымдастыру қағидаларына түзетулер қабылданды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -