Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті
2024 жылғы 26 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 3 судьясына қатысты тәртіптік істер және бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау туралы бір өтінімхат қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша гарнизондағы әскери соттардың бірінің төрағасына, сондай-ақ Алматы облысының аудандық сотының судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Павлодар облыстық сотының судьясы сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Жаза қолдануға сот төрағасының қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы, қылмыстық істі қарау кезінде заңды өрескел бұзуы және судья этикасына қайшы келетін беделін түсіретін құқық бұзушылық жасауы негіз болды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, себебі тәртіптік жазаға тартылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар, облыстық сот төрағасының ескерту түріндегі тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтінімхаты қанағаттандырылды.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -