Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті: Астана қаласы, 27 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 7 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы аудандық соттарының 2 судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Алматы қаласы аудандық сотының судьясы мен Жамбыл облысы аудандық сотының төрағасы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Алматы облысы аудандық сотының төрағасы мен судьясы судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылықтар жасау жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Астана қаласы аудандық сотының судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 7 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы аудандық соттарының 2 судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Алматы қаласы аудандық сотының судьясы мен Жамбыл облысы аудандық сотының төрағасы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Алматы облысы аудандық сотының төрағасы мен судьясы судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылықтар жасау жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Астана қаласы аудандық сотының судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

Аймақтағы жаңалықтар