Жоғары Сот Кеңесінде Түркия Сот төрелігі академиясының делегациясымен кездесу өтті
Астанаға Түркия Сот төрелігі академиясының шетелдік делегациясы танысу мақсатында сапарлап келді. Академия төрағасы Мұхиттин Өздемир бастаған делегация құрамында Әділет министрлігінің Заң шығару жөніндегі бас директоры мен Сот төрелігі академиясының судьясы бар. Түркия Сот төрелігі академиясы судьялар мен прокурорлар лауазымдарына кандидаттар дайындау бойынша ғылыми-білім беру қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттарды оқыту бағдарламаларын қамтиды.
Бүгін жұмыс сапары аясында Түркия делегациясының мүшелері Жоғары Сот Кеңесінде болды. Кездесу барысында тараптар сот жүйесіне кадрларды іріктеудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің Академияларына қабылдау және оқыту талаптары мен тәртібін талқылады.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.А.Шипп Кеңестің құзыреті мен өкілеттіктерінің кеңеюіне байланысты оның рөлі мен мәртебесін нығайтуға қатысты соңғы заңнамалық жаңалықтар туралы айтты. Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Н.Бегалиев қатысушылардың назарына Кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде біліктілік емтиханын өткізу және конкурстық іріктеу, судьялардың қызметте жоғарылауы және тәртіптік жауапкершілігі туралы ақпарат ұсынды.
Өз кезегінде Түркия делегациясының өкілдері судьялық қызметке кадрларды тағайындау, сондай-ақ судьяларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысты бірқатар сауалдар қойды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, бұл ретте дайын екендіктерін жеткізді.
Түстен кейін шетелдік қонақтар ағымдағы жылдың шілде айынан бері Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілген Сот төрелігі академиясында болды. Кездесуге қатысушылар үшін тұсаукесер және Академияға экскурсия ұйымдастырылды. Делегация мүшелері оқу орнының тарихымен, оның ғылыми қызметімен, оқу бағдарламаларымен және оқу үдерісімен танысты.
Соңында тараптар екі елдің сот төрелігі бойынша білім беру мекемелері арасында дайындау, оқыту және сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайту саласында халықаралық ынтымақтастық орнату жалғасатынын атап өтті.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -