Жолдауды іске асыру
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жыл сайынғы Жолдауын іске асыру шеңберінде 11 қыркүйекте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Е.Қожықов брифингте сөз сөйлеп, республиканың ірі кәсіпорындарында эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін(МАЖ) еңгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Бүгінгі таңда МАЖ еңгізу міндетті 91 кәсіпорынның 62-сі орнатылды, қалғандары орнату сатысында.
Министрлік жүйесіне 32 кәсіпорын қосылған. 12 кәсіпорын орнатуды 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Министрлік жүйені орнатпағаны үшін мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде инспекторлық ден қою шараларын қолдануды жалғастыруда. 2024 жылдың өткен кезеңінде 20 тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 9,6 млн теңге сомасына 18 әкімшілік айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Бұдан басқа, қолданыстағы әкімшілік шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігіне байланысты Министрлік МАЖ орнату жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңнамаға түзетулерді пысықтауда (ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, ӘКтК, МАЖ ережелері).
МАЖ жүйесін енгізу:
- онлайн режимде эмиссия көрсеткіштерін қадағалау;
- бұзушылықтарға уақтылы жауап беру;
- халықты сенімді және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -