ZHUBANOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЖҮЙЕСІН ЖАСАҚТАДЫ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламасының 4 курс студенттері Абай Айткалиев пен Рахат Досов Coursera платформасы арқылы оқыған курс негізінде талапкерлерді қабылдауға арналған электронды кезек жүйесін жасақтап шығарды.
Қазіргі таңда қабылдау комиссиясының жұмысы барысында студенттер жасақтаған электронды жүйе жұмыс жасап тұр.
Абай мен Рахат бұл жүйені жасақтауда платформа арқылы курста алған білімдері мен жаңа дағдылары көп септігін тигізгенін айтады.
- Өндірістік тәжірибеден өту барысында бізге талапкерлерді қабылдау үшін электронды кезек жүйесін жасақтап шығару туралы тапсырма берілді. Coursera платформасында «Киберқауіпсіздік» курсын тәмамдадық. Оқу кезінде біз тек теорияны меңгеріп қана қоймай, бейнесабақтар арқылы үлкен тәжірибе жинақтадық. Соның арқасында тапсырманы орындап шығу бізге қиындық туғызбады. Екі айға жуық уақыт аралығында жүйені жасақтап шығардық. Қазіргі таңда қолданысқа ие, дегенмен әлі де жетілдіретін боламыз, - дейді олар.
Болашақ программистер платформа арқылы қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру олардың мансап жолында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімді.
- Курс арқылы интернеттегі ақпараттардың арнайы қауіпсіздік стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету және тағы да басқа құнды ақпараттар алдық. Алдағы уақытта күрделі жүйелерді жасақтау жоспарымызда бар, - дейді студенттер.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -