Жыл соңына дейін Жетісуда 4 жаңа мектеп іске қосылады: Жетісу облысы, 16 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жыл соңына дейін Жетісуда 4 жаңа мектеп іске қосылады

Биыл Жетісу облысында 2400 орынды 5 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде Көксу, Ақсу, Алакөл, Панфилов аудандарындағы төрт мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы реформаны білім саласынан бастап, бірінші кезекте педагог мамандардың мәртебесін көтеруге, мұғалімдердің жалақысын арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте облыста осы салаға үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Биыл облыста білім саласын дамытуға 186 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,5 млрд. теңгеге көп. Осы жылы 2400 орынды 5 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, соның 2-еуі «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатыр, 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, бір мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында облыста 4800 орынды тағы 5 мектеп салу жоспарланған, - деп атап өтті Б. Исабаев баяндамасында.

Атап өтсек, 5 мектеп Алакөл ауданының Үшарал қаласында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, Талдықорғанның 3 шағын ауданында тұрғызылады. Жалпы келесі жылы салынатын мектептердің саны - 6. Оған қоса былтыр материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,9 млрд. теңге бөлінген. Өткен оқу жылында жаңа модификациялық үлгідегі 45 пән кабинеттері сатып алынса, бүгінгі күні жоспарланған 78 кабинеттің 51-і орнатылды. Сол сияқты оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға 1,6 млрд. теңге қарастырылды.

Тамыз кеңесіне қатысқан Көксу ауданы Қаратал ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қаратал бастауыш мектебінің мұғалімі Наиля Тоқтабаева өңірдегі білім саласының инфрақұрылымын дамыту ісіне қатысты пікірін білдірді:

- Қаратал бастауыш мектебінде 14 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біздің мектеп 1971 жылы салынған, өзі бейімделген әрі тозған ғимарат еді.  Биыл ауылымызда 120 орынды жаңа мектеп салынып, пайдалануға беріліп отыр. Мұғалімдер де, ата-аналар мен балалар да жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрміз. Енді біз заманауи құралдармен жабдықталған жаңа мектепте жұмыс істейміз. Қаламен қатар ауыл мектептеріне де ерекше көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді, - деді Н. Тоқтабаева.

Атап өтсек, облыста білім сапасы 64,5% жетті.Түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеудегі облыс бойынша орташа балы - 84,4.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар