ЖЫЛУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА
Алдағы жылыту маусымына дайындық ретінде Ұлытау облысының орталығында тозығы жеткен жылу құбырлары қарқынды ауыстырылып жатыр. Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Жезқазғандағы Алашахан-Бейбітшілік көшелерінің қиылысында атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.
«Бұл – облыс орталығының басты көшелеріндегі қиылыс. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындар мен жолаушылардың жүріп-тұруына кедергі келтірмеуі тиіс. Сол себепті де жұмыс барысын жеделдетіп, екі аптаның ішінде аяқтауды тапсырамын»-деді өңір басшысы өз сөзінде.
Ауқымды жұмыс барысында жылу магистраліне диаметрі 1000 мм.болатын жаңа құбырлар салынуда. Нәтижесінде 30 жылдан астам уақыттан кейін жаңартылған желілер жылу маусымының сапалы өтуіне септігін тигізеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -