Жылыту кезеңіне дайындық туралы: Астана қаласы, 21 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жылыту кезеңіне дайындық туралы

Жылыту кезеңіне дайындық туралы

Жылыту кезеңіне дайындық туралы

Ұлытау облысы ӨКҚ алаңында «Жылыту кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті. Аталған брифингтің спикері Ұлытау облысының ТЖД МӨББ бастығы Ермек Исмаилов сөз сөйледі.

2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспарына сәйкес өрттің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізіледі. Өткен жылдардағы өрттерді талдау көрсеткендей, өрттердің көп бөлігі жылыту маусымында орын алғанын көрсетті. Айта кетсек, 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде облыс аумағында 63 өрт фактісі тіркеліп, 5 адам қаза болды.

Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы басталды. Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлығын үш кезеңде (15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін – 1 кезең, 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін – 2 кезең, 15 қазаннан 2024 жылғы 20 сәуірге дейін – 3 кезең) өткізу жөніндегі жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының» бірінші кезеңі 2024 жылды 15 тамызы мен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Айлық шеңберінде жергілікті полиция қызметімен, әкімдікпен және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен, «Аманат» партиясының, «Бірлік» еріктілер ұйымының еріктілерімен бірлесіп, үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша осал топтарының барлық үйлерді аралап шығу жоспарда. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда іс-қимылдар туралы нұсқамалар өткізіледі. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қарау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталатын болады.

Екінші кезең 15 қыркүйектен 15 қазан аралығында өтеді. Онда халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қайта аулалық аралау жүргізіледі.

Үшінші кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында басталып, 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасын табатын болады. Үшінші кезеңде өрт жағдайына байланысты, алдын алу үшін айқындалған тұрғын үйлерде аулалық аралау жүргізіледі.

2023 жылы жылыту кезеңінде облыс бойынша 228 датчик орнатылды. Биылғы жылы барлық пешпен жылытылатын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде датчиктер толықтай орнатылу жоспарда.

Халықты барынша қамту үшін өрт қауіпсіздігі саласындағыүгіт-насихат жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар