Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бесінші отырысы өтті: Астана қаласы, 05 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бесінші отырысы өтті

2024 жылғы 5 қыркүйекте Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалында орналасқан ҚР ТЖМ «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бесінші отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы И.Н. Тасмағамбетов, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. И. Синявский, Қазақстан Ресмпубликасының Төтенше жағдайлар министрі Ш.С. Әрінов, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Б. Э. Ажикеев, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрі А.В. Куренков, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Р.У. Назарзода қатысты.

Отырыс Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ш.С. Әріновтың төрағалығымен өтті, ол өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірлескен күш-жігердің және төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында ҰҚШҰ ТЖҮК төрағасы Ш.С. Әрінов қатысушыларды төтенше жағдайларды уақтылы алдын алудың және олардың салдарын жоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған бірлескен қызметті үйлестіру тетіктерін қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін шоғырландыру бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыретті органдарының бір жыл ішінде жүргізген жұмысы туралы хабардар етті.

Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде олардың әлеуетін пайдалану мақсатында халықаралық ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық перспективалары, «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуын өткізу қорытындылары, 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған құтқару бөлімшелерінің практикалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқылаудың негізгі тақырыптары болды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар