2023 жылғы ЕАЭО-ға кедендік әкелу баждарын есепке алу мен бөлуді тексеру қорытындысы шығарылды: Астана қаласы, 02 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

2023 жылғы ЕАЭО-ға кедендік әкелу баждарын есепке алу мен бөлуді тексеру қорытындысы шығарылды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жоғары қаржылық бақылау органдары 2023 жылғы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу мен бөлуді бірлесіп тексеру қорытындысын шығарды.

Отырыс бейнеконференция форматында өтті. Биыл шараның үйлестірушісі Арменияның аудиторлық палатасы болды. Іс-шараға Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының, Ресейдің Есеп палатасының, Беларусьтің Мемлекеттік бақылау комитетінің, Арменияның Аудиторлық палатасының және Қырғызстанның Есеп палатасының өкілдері қатысты.

Қатысушылар өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары жалпы кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібін сақтауды қамтамасыз еткенін атап өтті. 2023 жылы бес мемлекеттің бюджеттеріне түскен мұндай төлемдердің жалпы сомасы $15 млрд құрап, 2022 жылмен салыстырғанда ($10,3 млрд) $4,7 млрд немесе 45,6%-ға ұлғайды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерде кедендік әкелу баждарының түсімдерін көрсету тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұл ретте Қазақстанда 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасалған жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар бойынша келіп түскен кедендік әкелу баждарын бөлмеу мәселелері қаралды. Олардың шарттарына сәйкес кедендік әкелу баждарын босату және (немесе) өтеу көзделген.

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы жоғарыда көрсетілген келісімшарттар шеңберінде баждарды бөлмеу туралы ерекше пікір білдірді, себебі бұл сомаларды өтеу ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ортақ жауапкершілігінсіз Қазақстанның активтері мен бюджеті есебінен ғана жүзеге асырылады.

Өз сөзінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Ардақ Теңгебаев ЕАЭО елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының бірлескен қызметі Одақ кеңістігіндегі интеграциялық процестерді нығайтудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Жүргізілген бақылау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға оң әсер ететініне сенімдімін. Ал проблемалық мәселелер міндетті түрде өз шешімін табады», — деді А. Теңгебаев.

Отырыс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ерекше пікірін ескере отырып, бірлескен тексеру қорытындылары туралы жиынтық есепті бекіту туралы шешім қабылданды. Кедендік міндеттемелердің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсынымдарды қамтитын құжат зерделеу үшін ЕАЭО елдерінің үкіметтеріне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберілетін болады.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар