БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ: Астана қаласы, 04 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылы ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өсу фактілерін қарау аясында «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) және «КаР-Тел» ЖШС (Beeline) операторларына қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша, тарифтердің келісілген түрде көтерілуіне қатысты тергеп-тексерулерді бастады.

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарларда бір минуттық қоңырау құнының 18 теңге мөлшерінде бірдей бағасын белгілеу әрекеттерінде құқық бұзушылық белгілері анықталғанына байланысты, операторларға осы белгілерді жою туралы хабарламалар жіберілді. Хабарламаларда бағаны негізделген түрде төмендету қажеттігі көрсетілген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында ұялы байланыс операторлары қабылданған шараларға қатысты сот органдарына шағым түсірді. Осыған байланысты тергеу істері тиісті сот шешімдері қабылданғанға дейін тоқтатылды.

2024 жылғы 19 қарашада Астана қаласы бойынша Агенттік департаменті «КаР-Тел» ЖШС-ға қатысты үй интернетінің жылдамдығын тарифтік пакеттерде таңдауға тұтынушыларды шектеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін жою туралы хабарлама шығарды.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты осындай заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру басталды.

2024 жылы бағаның өсу фактілері бойынша Агенттік ағымдағы кезеңдегі баға динамикасына талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық шара қолданылады.

Сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтердің көтерілуі туралы операторлардың БАҚ-та жарияланымдарына байланысты, Агенттік ұялы байланыс операторларына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескертулер жіберді.

Ақпарат көзі: Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылы ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өсу фактілерін қарау аясында «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) және «КаР-Тел» ЖШС (Beeline) операторларына қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша, тарифтердің келісілген түрде көтерілуіне қатысты тергеп-тексерулерді бастады.

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарларда бір минуттық қоңырау құнының 18 теңге мөлшерінде бірдей бағасын белгілеу әрекеттерінде құқық бұзушылық белгілері анықталғанына байланысты, операторларға осы белгілерді жою туралы хабарламалар жіберілді. Хабарламаларда бағаны негізделген түрде төмендету қажеттігі көрсетілген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында ұялы байланыс операторлары қабылданған шараларға қатысты сот органдарына шағым түсірді. Осыған байланысты тергеу істері тиісті сот шешімдері қабылданғанға дейін тоқтатылды.

2024 жылғы 19 қарашада Астана қаласы бойынша Агенттік департаменті «КаР-Тел» ЖШС-ға қатысты үй интернетінің жылдамдығын тарифтік пакеттерде таңдауға тұтынушыларды шектеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін жою туралы хабарлама шығарды.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты осындай заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру басталды.

2024 жылы бағаның өсу фактілері бойынша Агенттік ағымдағы кезеңдегі баға динамикасына талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық шара қолданылады.

Сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтердің көтерілуі туралы операторлардың БАҚ-та жарияланымдарына байланысты, Агенттік ұялы байланыс операторларына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескертулер жіберді.

Аймақтағы жаңалықтар