Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына біліктілік емтиханның нәтижелері шығарылды
2024 жылғы 28-29 қарашада Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына біліктілік емтиханның нәтижелері шығарылды.
Эссе жазу, кейстегі тапсырмаларды орындау, психологиялық тестілеу және Біліктілік комиссияның мүшелерімен әңгімелесудің нәтижелері бойынша 14 кандидаттан біліктілік емтиханын 7 үміткер сәтті тапсырды (сот жүйесінің қызметкерлері – 4, адвокат – 1, жеке мекеменің заңгері – 1, адвокаттың көмекшісі – 1).
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -