2023 жылдың қорытындысы бойынша АӨК қайта өңдеуге салынған инвестиция көлемі 151 млрд теңгені құрады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Жиынға ҚР АШМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармаларының, жер ресурстарын басқару департаменттерінің басшылары, ҮЕҰ, бизнес өкілдері, жалпы алғанда 200-ден астам адам қатысты.
Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжуреков мемлекеттік қолдау шараларының арқасында бұл салада жыл сайынғы тұрақты өсім байқалатынын айтты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 1,8%-ға ұлғайып, 3,1 трлн теңгеге жетті. АӨК өнімінің экспорты 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте АӨК өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 43%-ға жеткізіліп, 2,2 млрд. АҚШ доллары шамасында болды.
Салаға инвестициялар ағыны да өсуде, 2023 жылы азық-түлік өнімдерін өндірудің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 151 млрд.теңгеге жетті немесе 7,1%-ға өсті. Осы салада 118,8 млрд. теңге сомасына 48 инвестициялық жоба іске асырылды.
"Аталған жетістіктер мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларына негізделген. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын салуға және жаңғыртуға арналған инвестициялық субсидиялар, қайта өңдеуге тапсырылған ет, сүт, қант қызылшасы, майлы дақылдар және т. б. субсидиялар, терең қайта өңдеу өнімдерін – сары май, қатты ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға, ҚҚС-ты 70% төмендету, шикізат экспортын шектеу түріндегі салық жеңілдіктері бар", - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, саланың дамуын тежейтін негізгі факторлар - шикізаттың жеткіліксіздігі, жоғары құны және сапасының төмендігі, негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуының жоғары деңгейі, өндірілген өнімді өткізу нарықтарының шектелуі, негізгі және айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті несиелік ресурстардың болмауы, субсидиялардың жеткіліксіздігі деп аталды.
Атап айтқанда, астық өңдеу саласында 350 кәсіпорын жұмыс істейді. 3,2 млн. тонна көлемінде ұн өндіру елдің ішкі тұтынуынан асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орындардың қатарында.
Ұн өндірісін ұлғайтудың тежеуші факторы дәстүрлі импорттаушы елдерде өзіндік өңдеуді дамыту және түрлі шектеулер енгізу салдарынан қазақстандық ұнды өткізудің экспорттық нарықтарын тарылту болып саналады.
Осыған байланысты өнімдер өндірісін мақсатты дамыту жүргізілуде: макарон өнімдері, ұн кондитерлік өнімдері, крахмал өнімдері, глютен, биоотын және т.б. мұндай өндірістерді дамыту үшін 25% мөлшерінде инвестициялық субсидиялар, несиелер мен салықтар бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ экспорт кезінде көлік шығындарын 30% - ға дейін өтеу көзделген.
Сонымен қатар, инвесторларды тарту және неғұрлым жоғары қайта бөлу және технологиялық күрделілік өнімдерінің өндірісін дамытуды ынталандыру үшін 2023 жылдан бастап инвестициялық шығындардың 50% - на дейін өтеу көзделген.
Ағымдағы жылы Tiryaki Agro түрік компаниясы катарлық Hassad food компаниясымен бірлесіп қуаты 240 мың тонна астықты терең өңдеу бойынша іске асыруды бастады. Крахмал, глютен, глюкоза-фруктоза сиропы түріндегі соңғы өнімдерді әлемдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда.
Қостанай облысында "Qostanai Grain Industry" ЖШС астықты терең өңдеу бойынша жобаны іске асыруды бастады. Өндірілетін өнім - лизин, глютен, биоэтанол, көмірқышқыл газы, толығымен экспортқа бағытталған.
Түркістан облысында "Қазкрахмал" ЖШС инвестиция көлемі 35 млрд. теңге болатын крахмал өнімдерін өндіру үшін жүгеріні қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыруда.
Жалпы, 2024-2026 жылдары іске асыру жоспарлануда
Астық өңдеу бойынша 13 жоба, оның ішінде 2024 жылы – 7 жоба.
Майлы дақылдарды өңдеу қарқынды дамып келеді.
2023 жылы 80 отандық кәсіпорын 672 мың тонна өсімдік майын өндірді. Отандық өндіріспен қамтамасыз ету 183% құрайды.
Ағымдағы жылы инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өндірісті 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болжануда.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы қуаттылығы 100 мың тонна болатын 3 жобаны іске асыру басталды.
Жобалардың рентабельділігін арттыру үшін Қытай нарығы торт пен шрот түріндегі дайын және жанама өнімдерді өткізу үшін ашылды.
Жұмыс істеп тұрған 4 қант зауыты елдің ішкі нарығының қажеттілігін 44% – ға, оның ішінде отандық шикізатты қайта өңдеу есебінен-13% - ға қамтамасыз етеді.
Импортқа тәуелділік мәселесін шешу мақсатында қант саласын мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар нормативтері ұлғайтылды, кәсіпорындарға 300 мың тонна көлемінде құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квоталар, құрақ қантын өндіру кезінде ҚҚС-ты 70% - ға төмендету және құрақ шикізатын импорттау кезінде ҚҚС-тан босату түріндегі салықтық жеңілдіктер берілді.
Жамбыл және Павлодар облыстарында қосымша 2 зауыт салу мәселесі пысықталуда.
Аталған шараларды іске асыру отандық қант өндірісін қосымша 300 мың тоннаға ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті шамамен 10% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі негізгі бағыттар сүт, ет, тері және жүнді өңдеу болып табылады.
Сүт өңдеумен жылына 2,7 млн. тонна сүт өндіретін 180 кәсіпорын айналысады. Олардың жүктемесі 77% құрайды.
2023 жылы 2,1 млн.тонна сүт өңделді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,6% - ға артық (1,9 млн. тонна). 584,8 млрд. теңге сомасына сүт өнімдері өндірілді.
Импортты алмастыру және отандық өнімдердің үлесін арттыру үшін Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша өңірлердің ӘКК арқылы сүт-тауар фермалары желісінің құрылысын жеңілдікпен несиелеу жөніндегі жоба іске асырылуда. 2023 жылы осы мақсаттарға 65 СТФ салу үшін 100 млрд. теңге бөлінді. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша тағы 100 млрд. теңге қарастырылған.
Жобаны іске асыру 115 ірі СТФ құруға, отандық сүтзауыттарды сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және сүт-шикізаттың жеткіліксіздігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Ет өнеркәсібі қуаттылығы жылына 400 мың тоннаға жуық ет өңдейтін 210 кәсіпорынмен (құс етінсіз) ұсынылған. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың жүктемесі 54% құрайды.
Салқындатылған ет бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 117%, шұжық өнімдері 61%, ет консервілері 26% құрайды.
Тері мен жүнді өңдеу дамытуды қажет ететін бағыттар қатарында.
Қуаттылығы 3,3 млн. дана ірі қара терісі және 3,1 млн. дана ұсақ мал терісін өңдеумен 9 кәсіпорын айналысады.
2023 жылы ІҚМ терісінің өндірісі 3,5 млн. дана, оның тек 208 мыңы өңдеуге жіберілді, 348 мыңы экспортталды. Өңдеудің төмен үлесі мәселесін шешу желатин немесе жемшөп қоспаларын өндіруді дамыту болып саналады.
Қазақстанда қуаттылығы 7 мың тонна желатин өндіру жобасы және қуаттылығы 6,8 мың тонна жемшөп қоспаларын өндіру бойынша 2 жоба іске асырылуда.
Жүнді өңдеумен 13 кәсіпорын айналысады, оның тек 4-і ғана жүнді өңдей алады. Қалған 9-ы жаңартуды қажет ететін жабдықтар мен технологиялармен кеңес заманынан бері сақталған фабрикалар. Аталған кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 36,1 мың тонна жүнді құрайды, жүктемесі-26%.
2023 жылы өндірілген қой жүнінен 41,7 мың тонна көлемінде 7,3 мың тоннаға жуық жүн қайта өңделді, 7,9 мың тонна немесе 19%, 26,5 мың тонна немесе 63% өңделмеген қалдық экспортталды.
Ақтөбе облысында "KAZFELTEC" ЖШС зауыты салынуда, ол жылу оқшаулағыш материалдарды дайындау үшін қылшық жүнді пайдаланатын болады. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 2,1 мың тонна жүн өңдеу.
Сондай-ақ, инвестициялар тарту бойынша жұмыс жандандырылады, өңірлер бөлінісінде 2024-2028 жылдарға арналған жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу бойынша индикаторлар әзірленеді.
Жиынды қорытындылай келе, Айдарбек Сапаров министрлік отандық өндірушілерді қолдау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.
"Мақсаттар белгілі, барлық бағыттар бойынша индикативтер жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді, құралдар бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған жеке кешенді жоспары қабылданды, ол саланы дамыту және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі шараларды көздейді.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар кешенді жоспардың іс-шаралары мен нысаналы индикаторларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Бизнес және барлық өңірлер бұл жұмыста белсенді ұстанымға ие болуға, тамақ өнімдері мен сусындар өндірісінің өсуі бойынша 2024 жылға арналған жоспарлы мәндерді қамтамасыз ету бойынша барлық кешенді шараларды қабылдауға, әрбір сала бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының тізімін өзектендіруге және ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберуге тиіс", - деп отырысты қорытындылады министр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -