2024 жылғы ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықтың өткізу күнін ауыстыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 сәуірдегі №109 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбеге сәйкес 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 17 маусымға жоспарланған ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу күні 2024 жылғы 18 маусымға ауыстырылады.
Қосымша ақпарат алу мақсатында сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» (https://rfc.kz/) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://www.korem.kz/) ресми сайттары арқылы сондай-ақ келесі өкілдерге жүгіне аласыз:
Дукенбаев С. – 8 7172 789 730 Тен А. – 8 7172 982965Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -