2024 жылдың 1 жартыжылдығында энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушылары 1,7 трлн. теңгеге қазақстандық тауар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды
2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жалпы көлемі 2,823 трлн. теңге, ел ішіндегі құндылық үлесінің (ЕІҚ) орташа салалық көрсеткіші 1,7 трлн.теңге 61,6%-ды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары (57,3%).
Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)бөлінісінде:
- тауарларды сатып алудың жалпы көлемі 533,0 млрд.теңгені, ЕІҚ үлесі-38,6% немесе 205,9 млрд. теңгені құрады;
- жұмыстарды сатып алудың жалпы көлемі 1,06 трлн теңгені, ЕІҚ үлесі-79,7% немесе 845,1 млрд. теңгені құрады;
- қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 1,23 трлн теңгені, ЕІҚ үлесі-55,9% немесе 685,2 млрд. теңгені құрады.
Министрлік жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын ТЖҚ сатып алу кезінде отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда қабылданған Жер қойнауы туралы Кодекске жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынатын тауарлардағы ел ішіндегі құндылық үлесі бойынша көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы ең төменгі міндеттемелерінің міндетті түрде болуын көздейтін түзетулерді іске асыру үшін Министрлік 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта бірқатар Заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізді.
Сонымен қатар, белгілі болғандай саладағы барлық сатып алулардың негізгі көлемі үш ірі мұнай-газ жобасына, Теңіз, Қашаған және Қарашығанаққа (70%) келеді.
Осы жобаларда жергілікті қамтуды арттыру үшін Министрлік өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құрды, оның құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (Атамекен ҰКП, Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы, Қазақстан машина жасаушылар Одағы) кірді.
2024 жылдың І жартыжылдығында жұмыс тобы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобалары операторларының бірінші басшыларының есептерін тыңдады, олардың қорытындысы бойынша ел ішіндегі құндылықты дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын қайта қарау және тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың тендерлік рәсімдеріне өзгерістер енгізу, оның ішінде келісімшарт қағидаты бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу тетігін енгізу бойынша ұсынымдар берілді «Инвестиция орнына келісімшарт» және қазақстандық тендер өткізу үшін отандық тауар өндірушілердің саны бойынша талаптарды 5-тен 3-ке дейін төмендету.
Сондай-ақ, жұмыс тобының жұмысының нәтижесін 2024 жылғы 15 мамырда ТШО, НКОК және ҚПО және отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер арасында жалпы сомасы шамамен$240 млн болатын осы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жобалары үшін сатып алуға арналған келісімшарттарға салтанатты түрде қол қоюды атап өтуге болады.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 10-12 шілдесінде отандық бизнестің мұнай-газ саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың қажеттіліктері туралы ашықтығы мен хабардар болуы үшін Атырау қаласында сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары бойынша үш ірі мұнай-газ жобасының Ашық есік күндері өткізілді.
Аталған іс-шараға отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің 300-ден астам өкілі қатысты және ТШО, ҚПО, НКОК және бірқатар қазақстандық өндірушілер арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы 55 меморандумға қол қойылды.
Қазіргі уақытта министрлік ірі жобалардың Операторларымен бірлесе отырып, жасалған меморандумдарды нақты сатып алу келісімшарттарына түрлендіру жұмыстарын жүргізуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -