2025 жылы СҚО-да қандай жұмыстар атқарылмақ
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген отырысында 2024 жылдағы облыстың даму қорытындылары қаралып, биылғы жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды.
2025 жылы өңірде инвестжобаларды жүзеге асыру жалғасады. Петропавлда 10 мың тонналық құс фабрикасы және «Евразиан Милк» қоюландырылған сүт цехі салынуда. «Зенченко и К» 8 мың бас малға арналған мега-ферма тұрғызуда.
Сонымен қатар, нан-тоқаш өнімдерін өндіретін зауыт, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты, көпір жабдықтарын шығаратын кәсіпорын салынуда. Шетелдік инвестор ОСП өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Ал «Радуга» базасында қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу үшін техноэкопарк құрылмақ.
Инфрақұрылымдық нысандар бойынша автожол өткелі мен қайта жаңғыртылған бірінші көтергіш сорғы станциясы іске қосылып, облыс орталығын резервтік су жүйесімен қамту жоспарлануда. Күзде 2-ші ЖЭО-да жаңа мұржа іске қосылады.
Әлеуметтік сала бойынша, «Берекеде» жайлы мектеп ашылады, «Жас Өркенде» балабақшаның құрылысы басталады. Аудандарда спорт кешені, жабық бассейн мен екі жабық хоккей алаңы салынуда. «Қарасай» стадионын жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталады. Петропавлда мұз сарайының құрылысы басталды. Сондай-ақ, жабық футбол манежі бар футбол академиясын салу жобасы жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -