31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Бүгін, 31-мамыр елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Бұл күні біз қатыгез репрессиялық режимнің құрбаны болған, әділетсіз айыптаудың салдарынан өмірлері қиылған немесе азап шеккен ата-бабаларымызды еске аламыз.
Саяси қуғын-сүргін – тарихымыздың нағыз қасіретке толы кезеңі. Сондықтан біз осы қатаң режимнен зардап шеккендердің рухына тағзым етуге және осындай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз.
Өткен зұлмат жылдарды ұлт жадында сақтау және келешек ұрпаққа жеткізу, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда ашықтық пен тазалықты сақтау, әділетсіздік пен қысымның барлық түрлерімен күресу – біздің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жолындағы борышымыз.Бүгін біз қайғы-қасіретке ұшырап, халқының қамы үшін әзиз бастарын бәйгеге тіккен қайраткерлеріміздің рухына құрметімізді білдіреміз. Олардың жарқын бейнесін еске алу арқылы адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығын көрсетеміз.
Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -