Астанада Қазақстан Қорғаныс министрінің жүлделері үшін қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы финалының салтанатты ашылуы өтті
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін халықаралық жарысқа әлемнің 15 елінен 200-ден аса мықты спортшы жиналды. Жекпе-жекке ерлер де, әйелдер де қатысады.
Турнирдің ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері мен спортшылары, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық қаһармандары Тоқтар Әубәкіров пен Бақытжан Ертаев қатысты.
– Бүгінгі жекпе-жектен әлем кубогы жай ғана жарыс емес. Бұл спорттың әртүрлі елдер мен мәдениеттерді қалай біріктіре алатынын көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай деңгейдегі спорттық іс-шара елімізде алғаш рет өтуде. Біздің елордамыз, Астана қаласы бізге өзінің спорттық шеберлігін ғана емес, өзара құрметін көрсету үшін үздік жауынгерлер жиналатын орынға айналғанын мақтан тұтамыз, – деді турнирге қатысушылар мен қонақтарға арнаған сөзінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Рәсім соңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Халықаралық қоян-қолтық федерациясының президенті Сергей Астахов қоян-қолтық ұрыстың жетістіктері мен дамуына қосқан үлесі үшін іс-шараға қатысушылар Кристина Гордиенко, Артем Яков, Владимир Демьянова, Владимир Саакян, Мұхамед Делале және Омар Чебалиді сертификаттармен және белбеулермен марапаттады.
Жарысты Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы, Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Әлем чемпионы атағы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жүлделеріне әлемнің 15 елінен 200-ден астам спортшы таласады.
Қазақстандық команда құрамында қоян-қолтық жекпе-жектен, панкратионнан, ММА және жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан Азия және әлем чемпионаттарының қола және күміс жүлдегері, ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсын, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпиондары лейтенанттар Арман Ерменбет пен Айдын Нұриддинов, сержант Санат Садықов, қоян қолтық ұрыстан халықаралық турнир чемпионы, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Абылай Шәкірбеков бар.
Қыздар арасында рингке ҚР Қарулы күштерінің қызметшілері, ММА-дан Әлем және Азия чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Талшын Жұматаева, панкратионнан Қазақстан чемпионы Зарина Есполова, сегізбұрыш кәсіби лигасының жауынгері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық ойындардың чемпионы Антонина Котляревская шығады.
Чемпионат ерлер арасында он салмақ дәрежесінде, әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесінде «жекпе-жек», «өзін-өзі қорғау» және «өзін-өзі қорғау 1+1» секілді үш пәнде өтеді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке біріншілікте де, командалық есепте де анықталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -