450-ден астам қостанайлық велошеруге қатысты: Астана қаласы, 06 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

450-ден астам қостанайлық велошеруге қатысты

Қостанай облысында 450-ден астам тұрғын велошеруге қатысты. Шара “Біз есірткіге қарсымыз! Болашақты сақта!” ұранымен өтті. Ұйымдастырушылар қатарында Қостанай қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қостанай облысы ПД, “Қостанай” велосипед қауымдастығы” БҰ және “Қостанайдың жас көшбасшылары” ҮЕҰ болды.

Велошеру басталар алдында барлық қатысушыларға “Есірткіге жол жоқ!” деген жазуы бар жеңіл жейделер мен бас киімдер берілді. Велошеруге қатысушылар Жастар саябағынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауына дейінгі маршрут бойынша 10 шақырым жол жүру керек болды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаева веложарысты өткізу идеясын қаланың 30 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қолдағанын атап өтті. Оларға ата-аналар да қосылды. Жолда кедергісіз жүру үшін велосипедшілермен бірнеше патрульдік полиция көліктері де жүрді. Сонымен қатар әр қиылыста қозғалысты реттеуші полицейлер болды.

– Республика аумағында 26 мамырдан бастап Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық өткізілуде. Бірінші кезекте мұндай іс-шараларды өткізу арқылы салауатты өмір салтын насихаттайды және жастарда есірткіге қарсы иммунитетті дамытады, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилова.

Іс-шара қатысушысының бірі көпшілікті таңқалдырды. Ол велосипедті жатып жүргізді. Веложарысты ұйымдастырушылардың бірі “Қостанай” велосипед қауымдастығы” БҰ төрағасының орынбасары Бауыржан Тибеев өңірдегі велотуризм қарқынды дамып жатқандығын айтты.

– Екі жыл бұрын қауымдастық барлық қалалық мектептермен меморандумға қол қойған. Бүгінде олардың бірнешеуінде велосипед үйірмелері жұмыс істейді, – деді ол.

Велоқоғам 4 жыл бұрын құрылған. Бүгінде оның Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында 150-ге жуық мүшесі бар. Құрамына барлық қызығушылық білдірген адамдар кіре алады. Ең жас мүшесі 18-де, ал ең егдесі 76 жаста. Бауыржан Тибеев сондай-ақ велошеруге велоспорттан КСРО және Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Проданды атап өтті.

Мәреде барлық қатысушыларды ата-аналары, достары, түрлі ұйымдардың басшылары мен әріптестері қарсы алды. Барлық оқушыларға жемістер мен тәттілер салынған 200 рюкзак берілді. Велошеру қалалық балалар шығармашылығы мектебінің тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпарат көзі: Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар